K&G Agro Technology — Jiangsu Zhongshui Irrigation & Drainage Equipment Co., Ltd. компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы ресми эксклюзивті бренд-агенті. Бұл серіктестік өндіруші зауыттың өндірістік мүмкіндіктерін Қазақстандағы инженерлік жұмыстармен, логистикамен, монтаждаумен және тапсырыс берушілерге техникалық қолдау көрсетумен ұштастырады.
Ең алдымен — инженерлік негіздеме. Әрбір жоба нысанды талдаудан және гидравликалық есептеулерден басталады. Жабдықтардың су көзіне, жер бедеріне, қажетті су шығынына, қысымға және пайдалану режиміне сәйкес келуі үшін жүйенің барлық тораптарының өзара үйлесімділігін қамтамасыз етеміз.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына су ресурстарын ұтымды басқаруға, өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және агробизнесті дамытуға көмектесетін сенімді әрі экономикалық тұрғыдан тиімді инженерлік шешімдер ұсыну.
Заманауи технологияларды, жауапты жобалауды және кәсіби сервисті біріктіре отырып, ауыл шаруашылығын суару және ауыл шаруашылығы техникасы саласында Орталық Азиядағы жетекші инженерлік серіктестердің біріне айналу.
Әрбір шешім су шығынына, қысымға, жер бедеріне, су көзіне және пайдалану режиміне сәйкес болуы тиіс.
Суару, сорғылар, құбырлар, сүзгілеу және басқару жүйелері өзара үйлесімді жұмыс істейді.
Тапсырыс беруші жүйенің әрбір торабында қандай жабдық бар екенін және оның не үшін қажет екенін түсінеді.
қосылғаннан кейнгі қолдау
Қызметкерлерді оқыту, нұсқаулықтар ұсыну және техникалық қолдау көрсету тәртібін келісу.